21-02-22 |
1180 рет қаралған
OCCRP: Тоқаев отбасының құпиялары.
OCCRP: Тоқаев отбасының құпиялары

Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (Organised Crime and Corruption Reporting Project, OCCRP) 20 ақпанда Қазақстан президенті Тоқаевтың ұлы Тимур Тоқаев пен бұрынғы әйелі Надежданың атында швейцариялық банкінде есепшот және Тимур Тоқаевтың атында Женева қаласында үш үй бар екені туралы мақала жариялады.

Мақалада Credit Suisse деп аталатын швейцариялық банктен сыртқа шығып кеткен есепшот иелері туралы ақпаратқа сілтеме жасалады. Бірақ қандай да нақты дәлел келтірілмеген.

Мәселен, мақалада: «1998 жылы Тоқаевтың сол кездегі әйелі Ндаежданың және сол кезде 14 жастағы ұлы Тимур Тоқаевтың атына швейцариялық банкте есепшот ашылған. Тимур ол кезде Женеведағы қымбат мектеп-интернат оқыған. Бұл есепшотқа ең көп қаражат  $1,5 миллионға жуық қаражат 2005 жылы түскен. Есепшот 2012 жылы жабылған «делінген.

Сондай-ақ мақалада Тоқаевтар отбасы Британ Виргин аралдарында оффшорлық компания ашқанын, ол компанияның есепшоты швейцариялық банкте болғанын жазады.

21 ақпанда OCCRP-дің мақаласына қатысты президенттің баспасөз хатшысы ресми ақпарат таратты. Онда: «

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ.

Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.
Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген» делінеді.

Әрі президенттің баспасөз хатшысы мақаланы фейк шабуыл деп атаған.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын», – деп жазады ол.

 

 

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.