02-04-22 |
570 рет қаралған
«Қазақстан Ресеймен бір кемеде болғысы келмейді».
«Қазақстан Ресеймен бір кемеде болғысы келмейді»

28-29 наурызда президент әкімшілігінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов пен президент әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Брюссельге жұмыс сапарымен барды.

Екеуі Украина-Ресей арасындағы соғыс тудырған халықаралық жағдайдағы Қазақстанның ұстанымын, бағытын еуропа одағына түсіндіруге барған. Сапар барысында Тимур Сүлейменов euractiv  – тәуелсіз жалпы еуропалық медиа жүйесінің аға редакторы Георгий Готевке сұхбат берген. Сұхбат өте маңызды мәселелерді қамтығандықтан, ықшамдап аударып беруді жөн көрдік.

Ресейге қатысты

Әрине, Ресей бізді көбірек өз жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейді. Біз, Қырым мен Донбастағы жағдайды мойындамағанбыз мойындамаймыз да. Өйткені оларды БҰҰ мойындаған жоқ. Біз тек БҰҰ деңгейіндегі шешімдерді ғана құрметтейміз.

Рас, Қазақстан евразиялық экономикалық одақтың және ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мүшесі. Сондықтан біз Ресеймен экономкалық, әскери одақта бір мүшеміз. Бірақ келісімшарттар нақты қазіргі жағдайға жүрмейді.

Ресей «соғыс» сөзін қолдануға тыйым салатын заң қабылдады. Олар оны /соғысты айтып отыр/ арнайы әскери операция деп атайды. Бірақ біз Қазақстанда оны қалай бар, солай атаймыз, өкінішке қарай. Бізде әр нәрсені өз атымен атауға қатысты мәселе жоқ.

Санкция туралы

Сапарымыздың басты мақсаты – қазіргі геосаяси дағдарыс жағдайын талқылау, Украинада болып жатқан соғыс қимылдарын, Ресейдің экономикасы мен қаржы жүйесіне салынып жатқан санкциялардың Қазақстанға әсерін жұмсарту жолдарын қарастыру.

Екіншіден, Қазақстан АҚШ пен ЕО-ның Ресейге қарсы салып жатқан санкцияларын айналып өтудің жолы болмайтынын еуропалық әріптестерге көрсету. Біз Ресей, Белорусь және басқа елдермен экономикалық одақта болсақ та санцияларды тәртбін сақтаймыз. Біз тым болмағанда АҚШ пен ЕО елдері Қазақстанға екінші дәрежелі санкциялар салса дейміз. Сондай-ақ ЕО мен қарым-қатынасты кеңейту мәселесін кеңесуге де келдік.

Қазақстанның қақтығысқа қатысы жоқ (Украина-Ресей соғысын айтып отыр.ред). Иә, біз евразиялық экономикалық одақтамыз, бірақ біз өз жүйесі бар Тәуелсіз елміз. Сондықтан біз Ресей мен Белорусьқа салынған санкциялар тәртібін сақтаймыз. 

ЕО ға келудегі басты мақсатым ол – өз қалауымыз. Және біздің негізгі сауда серіктесіміз әрі негізгі инвестициялық әріптестерімізге жағдайды ашық айтып, түсіндіруге келдік. Біз Ресеймен сауда жасай береміз, Ресейге инвестиция сала береміз, өйткені біздің экономика басқаша жұмыс істей алмайды. Бірақ біз санкция салынған тауарлар, адамдар, компанияларды бақылауда ұстайтынымызды еуропалықтарға жеткізсек деп келдік. Бізде жүйе бар, өкінішкке қарай ол жүйе әлі ұзақ тұрады.

Қаңтар оқиғасы жайлы

Қаңтар оқиғасы біздің қоғамда, экономикада, саяси жүйеде өте қажетті реформалар мен өзгерістердің бастауы болды. Отыз жылда басқарудың дұрыс жолы болмады. Егер қаңтардағы қантөгіс болмаса біз ұлт ретінде реформа жүргізуге сондай батыл болар ма едік… Қаңтар оқиғасы кезінде шамамен 150 адамнан айырылдық.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.