15-04-22 |
270 рет қаралған
Қазақстан СБЕР-ден бас тартты.
Қазақстан СБЕР-ден бас тартты

Қазақстан Ресейдің СБЕР платформасынан бас тартты. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин хабарлады.

«Қазіргі геосаяси жағдайға байланысты және өз мүмкіндіктерімізді қайта қарап, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қазақстандық IT компанияларды тарта отырып, өз күшімен платформа жасайтыны жайлы шешім қабылданды. Қазір технико-экономикалық сараптама жүріп жатыр. Жылдың соңына дейін жаңа платформаның алғашқы қызметтері қосылады», – деді Асқар Жамбақин.

 2021 жылдың 3 қыркүйегінде сол кездегі үкімет басшысы Асқар Мәмин мен ресейлік Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Греф екеуі Қазақстанның цифрлық транформациясын жасау үшін ресейлік Сбер компаниялар тобы жасайтын платформаны пайдалануға  арналған меморандумға қол қойған еді. Бұл қоғамда дау тудырған.

Сондай-ақ, Қазақстан ресейлік «Сбербанктің» IT-платформасын 500 млн долларға сатып алынатыны айтылды. Қазақстанға бұл ақшаны «Сбердің» өзі мемлекет кепілдігімен қарызға беретіні де айтылған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.