05-04-22 |
410 рет қаралған
Тоқаев: Біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз.
Тоқаев: Біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз

АҚШ-тың The National Interest журналында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласы жарық көрді. Мақала Украина-Ресей арасындағы соғыс, 16 наурыздағы жолдауда айтылған реформалар, олигархтардың байлығын елге қайтару және елдің әлеуметтік-экономикалық мәселесін шешудің жаңа жолдары туралы айтылған.

«Әлемдегі ең ұзын шекарасы бар елдер ретінде Қазақстан мен Ресей өзара ерекше қарым-қатынаста. Сондай-ақ біздің Украинамен терең де дәстүрлі достық қарым-қатынасымыз бар. Әлемнің көптеген елдері қатарлы біз Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейміз», – деп жазады президент.

Мақала Тоқаев Ресей мен Украина арасында соғыстың тез әрі әділ жағдайда БҰҰ жарғысына сай шешілетініне үміттенетінін айтқан. Әрі Путинмен де Зеленскиймен де байланысып отырғанын жазған.

Президент мақалада «евразияда болып жатқан жан түршігерлік оқиға Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қана емес» дей келіп, Қазақстанда болған қаңтар оқиғасына тоқталған. Онда Тоқаев бейбіт шерудің тәртіпсіздікке ұласқанын айтады.

«Біз ондай қантөгістің қайталанбайтынына кепілдік беруіміз керек. Бірінші қадам – халық заңды талаптарын айтарда зорлық-зомбылық пен қудалауға түспейтінін білу тиіс. Келесі қадам – шара қабылдау», – дейді президент.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.