05-04-22 |
320 рет қаралған
Тоқаев: Олигархтардың байлығы жұмысшылар мен орта тапқа қайтарылады.
Тоқаев: Олигархтардың байлығы жұмысшылар мен орта тапқа қайтарылады

Қазақстандағы олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Бұл туралы президент Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында айтады.

«Инклюзивті даму тұрақты емес. Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады. Біздің үкімет реформаларды дайындағанда азаматтық қоғам мен қоғам пікірін мұқият тыңдады. Экономикалық тұрғыдан алғанда, жүйе  бұрынғыдай азғана адамның мүддесіне емес, барша адамға жұмыс істеуі тиіс» деп жазады президент.

Мақалада президент үкіметтің жұмысына тоқталып, «үкімет теңсіздік мәселесін тез арада шешу керектігін біледі» дей келіп, үкіметке жалақыны көтеру, кедейшілікті азайту туралы тапсырма бергенін айтады.

Қаңтар көтерілісінен кейін ҰҚК бұрынғы төрағасы ұсталып, оның байлығы жария болған еді. Назарбаевтың күйеу балалары – Қайрат Шәріпбаев, Димаш Досанов лауазымды қызметтерінен босап, Дариға Назарбаева мәжілістен кеткен еді.

Одан соң Назарбаев әулетінің құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев тұтқындалды. Мұның алдында Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды және оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды ұсталған болатын. Бұл адамдар Тоқаев мақаласында айтып отырған бұрынғы жүйе қызмет еткен азғана топтың мүшелері саналады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.