24-02-19 |
4490 рет қаралған
Захарова: Қазақстанның орыс тілі үшін жасап жатқан жұмысы бос сөз емес, нақты іс.
Захарова: Қазақстанның орыс тілі үшін жасап жатқан жұмысы бос сөз емес, нақты іс

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захаорва орыс тілін ана тілі деп танитын және Қазақстанда тұратын азаматтардың құқықтары Ресейдің үнемі назарында екенін 22- ақпанда болған апталық брифинг барысында айтты.

«Қазақстан басшылығының орыс тілін сақтау үшін жасап жатқан әрекеттері бос сөз емес, оның ар жағында нақты істер, нақты қадам тұр. Бұл мәселе тек Қазақстан жағдайында ғана емес, орыс тілін – ана тілі деп танитын адамдар тұратын басқа елдердегі жағдайда Ресей сыртқы істер министрлігінің басты назарында. Өйткені бұл сыртқы істер министрлігі қызметтерінің бірі» деді Захарова.

Брифиг кезінде Захарова бұдан былай теңгенің бетінде орысша жазу болмайтынына қатысты Мәскеудің ресми ұстанымын білдіріп «Бұл елдің ішкі мәселесі» деп мәлімдеген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.