06-11-22 |
630 рет қаралған
Балалардың 82 пайызында тіс ауруы кездеседі.
Балалардың 82 пайызында тіс ауруы кездеседі

Ел ішінде әрбір азаматтың сапалы әрі қолжетімді емделуі, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, медицина қызметтердің қолжетімділігімен, олардың сапасын арттыру секілді мәселелер бар. Осындай денсаулық саласына қарасты мәселелерді түбегейлі шешу мақсатында Үкіметтің қаулысымен «Дені сау ұлт» атты ұлттық жобасы бекітілген болатын. Жобаның артықшылығы мен кемшілігі, елге берер тиімділі жайында тіс дәрігері Тимур Даненов сөз қозғады.

– «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы қаншалықты тиімді?

– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау министрлігі «Дені сау ұлт» деген ұлттық жобаны еліміздің әрбір азаматына арналған. Жобаның басты мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, отандық фармацевтика саласын дамыту, саламатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін арттырып, ел ішінде бұқаралық спортты дамыту. Соның ішінде бүгінгі күні халық тіс емдетуге назар аудара бастады. Соған орай қаладағы тіс емханалары да заманға сай жасақталып, әрбір азаматқа ақысы да қолжетімді. Маңызыдысы, үкімет тарапынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Себебі, қалалық емханаларда көпбалалы аналар, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар мен 18 жасқа дейінгі балаларға ем тегін жүргізілсе, жалпы көпбалалы отбасыларға және тұрмысы төмен отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған. Осы жағынан алғанда мединицина саласы қарқынды дамып жатыр деуге болады. Екіншіден, бұл – әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жемісі. Тегін емдеу қызметіне тістің рентген-суреті, анестезия, пломба салу, пульпит жалпы тіс ауруларының барлық түрі және тіс жұлу кіреді. Ал енді қайда емдеуге болатынын учаскелік емханалардан немесе Медициналық сақтандыру қорының сайтынан білуге болады.

– Жалпы, адамдар тістің ауруына қаншалықты мән береді? Көпшілігі тіс дәрігерінің көмегіне мазасы кеткенде ғана жүгінетін көрінеді, расымен солай ма?

– Шыны керек, көбісі тіс ауруына қатты мән бере бермейді. Үйде жүріп кариесі болмаса, бәрі жақсы дегенді білдірмейді. Ауырсыну – бұл денеде кемшіліктің барын білдіреді. Сондықтан тістің ауырғанына назар аудармай, дәрі-дәрмек қана қолданып жүре бермеу керек. Сырқатты асқындырып алуы да мүмкін. Мысалы, тіс ауырған кезде патологиялық процесс тістер арасындағы байланыс бетінде немесе қызылиек астындағы аймақта дамуы мүмкін. Ауыздағы жағымсыз иістің өзі дәрігердің көмегінсіз жойылмайтыны белгілі. Сол себепті, тістегі эмаль реңкі айтарлықтай өзгерсе, жақ қозғалғанда ыңғайсыздың келтірсе, тісті тазалағанда қан кетсе не болмаса ауыз қуысында неоплазмалар пайда болса дәрігерге қаралу қажет.

– Бүгінде балалардың басым бөлігінде тістері кариестен көрінбейді. Тіпті, бұрынғыдай сүт тістері түсуден қалған. Осыны байқадыңыз ба?

– Жалпы елімізде тіс емдету проблемасы өте өзекті. Әсіресе, балалардың 82 пайызында тіс ауруы кездеседі. Сондықтан ауруды асқындырмаған жөн. Біріншіден, балалардың иммуниеті өте төмен. Екіншіден, олар дұрыс тамақтанбайды. Үшіншіден, гигиенаға да нашар. Тіс тазалау мүлдем қалған. Ата-аналар осының бәрін дұрыс қадағалауы керек. Оның үстіне, ауыз қуысы тістен ғана тұрмайды ғой. Қызыл иектің де маңызы бар. Қызыл иек – тісті ұстап тұрған тіндер. Мысалы, кейбір адамның тістері сау, бірақ қызыл иегі нашар болғандықтан тістері босап, түсіп қалатын жағдай да кездеседі. Кейбір науқастар тіс гигиенасын сақтамауынан қызыл иегі қанағыш келеді, қабынып тұрады. Қызыл иек ауыз қуысының іргетасы іспеттес. Сондықтан оны сақтау маңызды.

– Тіс күтімі қалай жүргізу керек? Біз дұрыс күтім жасай аламыз ба?

– Көп адамның жіберетін қателіктерінің бірі – тісін қатып қалған заңдылықпен тазалайды. Яғни, бір жерін ысқылап тұра бермей, ауыз қуысын бөлікке бөліп, асты-үсті, оң мен сол жағына мұқият тазалау керек. Тісті жан жағынан тазалаған жөн. Не болмаса сағат тілімен және сағат тіліне қарсы бағытта тазаласа болады. Екіншіден, көбісі асығып тазалайды, күніге екі уақыт тазаламайды немесе есіне түскенде тазалап жүретіндер бар. Тіпті, тіс щеткасы мен сықпаны дұрыс таңдау керек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.