02-03-23 |
880 рет қаралған
Электромагнит және бұрқақ ваннамен емдеу әдісі.
Электромагнит және бұрқақ ваннамен емдеу әдісі

Үнемі ізденіс үстінде жүретін емдеу-сауықтыру кешенінің дәрігерлері пациентті емдеп, сауықтыратын тағы бір ерекше тәсіл ойлап тапты. Оның ерекшелігі – екі түрлі ем түрін біріктіру. Құрғақ көмірқышқыл газын сұйық күйінде ваннада қабылдау және тоқ соқтыру арқылы нәтижеге жету. Осы тәсілдің көмегімен қан айналымы нашар, тыныс жүйесі тарылған адамның жағдайы жақсара түседі.

Ваннадағы пациенттің денесіне СО2 ылғал күйінде беріледі. Ол тері арқылы биохимиялық реакцияға түсіп, қан тамырларына еніп, қан тамыры талшықтарын оттегімен байытады. Әсіресе коронарлық артерияға, яғни жүректің күре тамырларына ерекше әсер етеді. Тарылып жіңішкерген тамыр жүйелерін кеңейтіп, түйіліп бітелген тұстарын ашады. Бронх қызметі, яғни тыныс алу жақсарады. Сондай-ақ мидағы оттегімен байытылған қан еркін айналып, ұмытшақтық жоғалады.

Электрмен емдеу және ультрадыбыстық терапия – түйілген қан тамырлары мен бұлшықеттің, сіңірдің жұмысын реттейді. Яғни қан тамырлары ретке келіп, жүрек бірқалыпты соғып, миға да, бүкіл денеге де оттегі қалыпты жағдайда барады.
Бірегей тәсіл «Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының бағдарламасына өткен жылы қосылды.
Бүгінге дейін 30-ға тарта пациент емделіп, ауруларынан әбден айығып шықты. Статитикаға сүйенсек, ем алғандардың жас ерекшелігі 30 бен 60 жастың аралығында.

«Almaty Resort» дәрігерлері бұдан бөлек электромагнит және бұрқақ ваннамен емдеу әдісін жаңа жылдан бері қолдана бастапты.

Ваннадағы арнайы судың қайнағандай бұрқылдап шығуы және оның денеге массаждай әсер етуінің маңызы зор. Бұрқақ ванна қан айналымын жақсартып, терідегі микроциркуляциялық үдеріске оң әсер береді. Буынның белсенділігін жоғарылатып, ауырсынғанды басады әрі көктамыр қанының қайтуына көмектеседі.

Ал электромагнит пен тұрақты магниттер энергияңызды қалпына келтіру және иммундық жүйені нығайту, ауырсынуды басу жағынан өте тиімді. Магнитттік өрістің әсерімен ағзадағы зат алмасу жақсарады. Эндогендік жылудың қалыптасуы, температураның көтерілуі, терінің тітіркенуі сияқты кері әсері болмайтыны дәлелденген. Сондықтан да жасы келген адамдар мен әлсіз науқастар да бұл ем-домды жақсы қабылдайды.

Шипажайдағы дәрігерлер коронавирустан кейін ағзасы әлсіреген пациенттерді оңалтудың жолын тапқан. Ғылыми тілмен айтқанда, астениялық симптомдары бар постковидті синдромды (long-covid) оңалтудың кешенді бағдарламасында флойтинг ваннасын электрофорез NaBr-мен қолданады.
Белгілі болғандай індетті жұқтырып кейін одан жазылғаныңызбен, вирус денеңіздегі қалыпты жұмысты бұзады. Адамдар көбіне ойлау жүйесінің нашарлағанын, оның ішінде ойын жинақтай алмауы, ойының шашыраңқы болуы және жадта сақтау қабілетінің нашарлағанын, яғни ұмытшақ болып бара жатқанын айтады. Сондай-ақ көңіл-күйдің бұзылғанын, шым-шытырық түс көре бастағандарын айтып шағымданады. Мұның бәрі ковидтен кейінгі астениялық жағдай.

«Almaty Resort» емдеу-сауықтыру орталығының дәрігері емдеуді тағайындаған соң, бір апта, ары кетсе он күннің ішінде астениялық симптом тоқтайды. Тарқатып айтсақ, дәрілік терапияны, физиотерапияны, рефлексологияны, психотерапияны қамтитын кешенді тәсілдің арқасында астениялық жағдай жақсарады. Дәрігерлердің жаңа тәсілі – NaBr қоспалы электрофорезі бар флойтинг ваннасының арқасында сауықтыру.

Бүгінде Алматыдағы емдеу-сауықтыру орталығына келіп, коронавирус індетінен кейін көмек сұраған 50-ге тарта адамның бәрі осы тәсілдің арқасында толық оңалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.