23-08-22 |
510 рет қаралған
Алматы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді.
Алматы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Алматы қаласы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 360 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді.

«Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу аясында сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директорының туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды»,-делінген хабарламада.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.