26-12-23 |
2050 рет қаралған
Алматыда өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қаза тапты.
Алматыда өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қаза тапты

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.

25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру құрамы Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге аттанды.

«Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», – деді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.