17-09-21 |
540 рет қаралған
Алматыны абаттандырудың орнына пара алған шенді тергеуге қатысты қамауға алынды.
Алматыны абаттандырудың орнына пара алған шенді тергеуге қатысты қамауға алынды

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаев жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

 

Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексерісінен кейін шенеунікті сотқа дейінгі тергеу аясында екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

10 қыркүйек күні желіде тараған Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің абаттандыру бөлімінің басшысы Константин Воропаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растады.

Шенеунік 7 қыркүйекте ұсталған. Ол «Қазақ саңыраулар қоғамының» директоры Л.Дауылбаевадан Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны үшін 3,7 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.