09-12-22 |
1140 рет қаралған
Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Алтай Көлгінов ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды

9 желтоқсан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алтай Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
«Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын» – деп жазылған Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлықта.
Алтай Көлгінов1978 жылы дүниеге келген.

Білімі:

А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Еңбек өтілі:

2000-2001 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет еткен;

2001-2008 жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарады;
2008-2010 жылдары — «Алаш Медиа Групп» ЖШС бас директорының орынбасары;

2010-2012 жылдары Президент әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2012-2013 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2013 жылдың 4 сәуірінен Орал қаласының әкімі.

2016 жылдың 26 наурызынан Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2019 жылдың 13 маусымнан бастап Астана қаласының әкімі қызметін атқарды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.