28-04-23 |
570 рет қаралған
AVON компаниясы Қазақстанда 20 жылдығын атап өтеді.
AVON компаниясы Қазақстанда 20 жылдығын атап өтеді

17-18 сәуір аралығында Алматыда Қазақстан сән әлемінің басты оқиғасы – Kazakhstan Fashion Week-тің 32-ші маусымы өтті. Дәстүр бойынша Республика сарайында дизайнерлер, сән индустриясының өкілдері, қаланың зайырлы топтары мен медиа тұлғалар бас қосты. Сән апталығының басты серіктесі және демеушісі ретінде AVON халықаралық косметикалық компаниясы танылды.

AVON компаниясы өзінің әлемдік аренадағы 137 жылдық тарихы ішінде өнімдердің сапасы мен өзектілігінде жетекші орынды сақтап келеді. Мұны Виктория Станевичтің кәсіби командасының визажистері де растайды. Биыл барлық KFW 2023 модельдерінің макияжы AVON косметикасын қолдану арқылы жасалғанын айта кеткен жөн. Польшада шығарылатын AVON өнімдерінің жоғары сапасының арқасында осы жылы дизайнерлер ұсынған образдар модельдердің сәнді макияжымен толықтырылды және көпшілікке ұсынылды.

Іс-шарада AVON жаңа кейіпте өзіне назар аударды, өйткені компания жақында The Body Shop және Natura құрамына кіретін Natura & Co ірі косметикалық конгломератының бөлігі атанды. Сонымен қатар, AVON брендингі де өзгерді: ол енді қарапайым сипатта ұсынылған, сонымен қатар, жарқын және көрнекті, стильді және қысқарақ.

Брендті қолдауға блогерлер мен инфлюенсерлер де келді, олардың арасында атақты Кагирис егіздері, Айжан Асемова және басқалары бар.
Серіктестіктің басты мақсаты – сүт безі қатерлі ісігі проблемасына назар аудару. AVON алаңының негізгі іс-шарасы ретінде иммерсивті перфоманс өткізілді, ал оның сипаты бойынша шақырылған блогерлер мен барлық келушілер әйелдің кеудесі бейнеленген кенепте косметика іздерін қалдыра алды.
Сонымен қатар, KFW 2023 іс-шарасы дизайнерлерінің бір бөлігі өздерінің көрсетілім элементіне қызғылт лентасы бар төс белгі зергерлік бұйымын қосу арқылы негізгі миссияға қолдауын білдірді. Бұл бастама Сүт безі қатерлі ісігіне қарсы күрес миссиясының қорына қаражат тартуға ықпал етеді. Осы ретте биыл AVON елдің шалғай аймақтарында онкологиялық ауруларды диагностикалау мүмкіндігі үшін мобильді ультрадыбыстық аппараттарды сатып алуға қаражат жинауда екенін еске саламыз.

«AVON үшін 2023 жыл өте маңызды – біз Қазақстандағы қызметіміздің 20 жылдығын атап өтеміз. Бүгінгі ерекше күн біздің қандай ұзақ жолды жүріп өткенімізді және әлі алдағы уақытта қандай алыс сапарға бет алғанымызды айшықтайды. KFW-мен серіктестік – біз мақтан тұтатын оқиға, өйткені бұл біздің косметикамыздың барлық қажетті сапа мен тренд стандарттарына сай келетіндігін көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар ол – компанияның әлеуметтік жауапкершілігін жариялау мен аудиторияға сүт безі қатерлі ісігі тақырыбының бар екенін, ерте диагностиканың маңыздылығын тағы бір рет еске салуға жәрдемдесетін бірден бір алаң. Себебі бүгінгі таңда бізге сүт безі қатерлі ісігі тақырыбында дені сау ұлт болуға кедергі келтіретін жалғыз мәселе бар, бұл– аурудың алдын алу және ерте диагностикалау туралы хабардарлықтың болмауы. Бүгін біз осы мәселені тағы бір мәрте ескере өту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз», – деп атап өтті AVON Kazakhstan Бас директоры Асел Садықұлова.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.