12-08-22 |
390 рет қаралған
Банк қызметкерлерін кепілге алған жігіттің талабы орындалды.
Банк қызметкерлерін кепілге алған жігіттің талабы орындалды

Ливан астанасы Бейруттағы банктердің бірінде адамдарды кепілге алған жігіттің талабы орындалып, бейбіт халық кепілден босаған, деп жазады Рейтер агенттігі.

Дереккөзіне сүйенсек, 42 жастағы Бассам әл-Шейх Хусейіннің банкте салымы бар. Алайда, елдегі экономикалық күйреуге байланысты көп адамның банктердегі салымы бұғатталған.

«Ливан Федералды банкінің Бейруттың батысында орналасқан бөлімшесіне келген ол өзінің есепшотындағы 200 мың долларды шешіп беруін өтінген. Алайда, қызметкер шоттағы қаражат шешілмейтінін айтқан. Сол кезде ер адам жақындары ауруханаға түскенін, ақша олардың еміне қаражат керек екенін айтып, айқай шығарған», – деп жазады дереккөз.

Ақыр соңында Бассам әл-Шейх Хусейін қаруын алып шығып, банктегі адамдарды кепілге алған. Оның әпкесі мен жергілікті банк қауымдастығы басшысының айтуынша, банк оған 30 000 доллар беретін болған соң, жігіт кепілдегі азаматтарды босатқан. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.