25-12-23 |
1710 рет қаралған
Башқұрттарды  Украинаға соғысқа бармауға шақырған башқұрт қызы сотталды.
Башқұрттарды  Украинаға соғысқа бармауға шақырған башқұрт қызы сотталды

Уфа соты мобилизацияланғандарды Украинадағы соғысқа қатыспауға шақырған видео үндеу түсірген белсенді Рамила Саитованы бес жылға бас бостандығынан айырды.

Саитова «мемлекет қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қызметке жария шақыру» (РФ Қылмыстық кодексінің 280.4-бабы 2-бөлігінің «в» тармағы) бойынша кінәлі деп танылды.

Саитова 2023 жылы мамырда Башқұртстаннан әскерилерге видео үндеу жариялаған соң ұсталған.

«Башқұрттар, ерлік дегеніміз бәрін өлтіру емес. Бүгінгі күннің ең қиыны және батырдың нағыз ерлігі: «Өлтіруге келіспеймін!» деу, немесе үйге қарай қайту!», – деді Саитова видео үндеуінде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.