15-08-22 |
180 рет қаралған
Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайды?.
Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайды?

Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева неге Қазақстанда тұрмайтынын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде бойжеткен тұрғылықты еліне қатысты сұрақтардың жиі қойылатынын жазды.

Шахматшы сондай сұраққа Instagram желісінде жауап берді.

«Неге мен Мәскеуде тұрамын деген сұрақтар көп. Мен Қазақстанның атынан ойнаймын, бірақ жаттықтырушыларым Ресейде болғандықтан сол жақта жаттығамын», – деп түсіндірді Бибісара.

Асаубаеваның айтуынша, ол үшін тұрғылықты жері маңызды емес.

«Мен қай елде тұратыным әлі белгісіз, қазір әлем тұрақсыздықта. Бастысы, жақын адамдарым қасымда болса», – деп түйіндеді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.