25-04-19 |
3640 рет қаралған
«Бізде әлемдегі ең арзан тариф»- Алматы әкімінің орынбасары жол жүру құны туралы айтты.
«Бізде  әлемдегі ең арзан тариф»- Алматы әкімінің орынбасары жол жүру құны туралы айтты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов қалада қоғамдық көлікпен жүру құны әлемдегі ең арзан екенін өзінің фейсбук парақшасына жазады.

«Мысалы, Берлинде жол жүру құны 2 евро (854 теңге), Парижде – 1,7 евро (726 теңге), Сеулде – 1200 вон (400 теңге), Стамбулда – 4 лира (226 теңге). Ал Қытайда халықтың тығыздығы өте жоғары және тиісінше жолаушылар ағымы субсидияланады (15%), мұнда жол жүру құны 2 юанды (113 теңге) құрайды», – деп әкім орынбасары әлемнің озық елдерін мысалға келтірді.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде қоғамдық көлік қала экономикасындағы шығын әкелетін салалардың бірі. Тасымалдаушылардың нақты кірістері олардың нақты шығындарын өтемейді. Нидерланды мен Италияны мысалға келтірген Е. Әукенов бұл елдерде шығындардың тек үштен бірі ғана жабылатындығын айтты.

Ол Алматыда соңғы сегіз жылда тариф 80 теңгеден аспағанын да тілге тиек етті.

«Қаланың субсидияланатын қоғамдық көліктерінде өзіндік құны 91 теңгеден 3,1 мың теңгеге дейін өзгереді. Шындығында, біздің қалалықтар орташа алғанда қоғамдық көліктерде тек жартысын ғана төлейді, ал кейде (3,88,108 бағыттар) 1/20-дан 1/38-ге дейін жол жүру құнының бір бөлігін төлейді», -деп жазады Е. Әукенов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.