19-04-23 |
700 рет қаралған
Болат Назарбаевтың көлік базары мемлекетке қайтарылды.
Болат Назарбаевтың көлік базары мемлекетке қайтарылды

Алматы облысы Қарасай аудандық соты «Барыс» автобазары орналасқан учаскені сату туралы келісімшарттарды жарамсыз деп тапты. Бұл туралы Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сотқа жолдаған талап арызында Қарасай ауданының прокуроры 2004-2019 жылдар аралығында мемлекеттік мекемелер мен жауапкер Н. арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тануды сұрады», – делінген аудандық сот таратқан мәлімдемеде.

Сотта Болат Назарбаевқа жер телімін беру кезінде облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органмен және жер учаскелерінің санатын беру жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісілмегендігі анықталды. Сол себепті, жер телімдерін беру ережелері бұзылған.

Бастапқыда бұл жер ауылшаруашылық жеріне тиесілі болған.

Еліміздегі ең ірі көлік базары – «Барыс» автобазарының жер көлемі 35 гектардан асады.

«Барыс» автобазары Алматы-Бішкек тасжолының бойында, Қаскелең қаласының маңында орналасқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.