08-04-23 |
570 рет қаралған
Болат Назарбаевтың тоқалына барған Ғабидолла Әбдірахымов істі болып жатыр.
Болат Назарбаевтың тоқалына барған Ғабидолла Әбдірахымов істі болып жатыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Оңғар Қабден Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов алаяқтық бабымен тергеліп жатқанын жазды.

Оның жазуынша, Түркістанның экс-әкімі Рашид Аюпов та дәл осы баппен қамауда отыр.

«Лондондағы видеосы мен Арыс оқиғасында қатындарыңа ие болыңдар деп айқайлаған Ғабидолланы қоғам ұмытқан еді. Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалының сұхбаты оны қайтадан қоғам алдына алып шықты. Рашид Аюповтың Әбдірахмановпен бір баппен айыпталатын жөні бар. Екеуі бірігіп қылмыстық топ құрып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған дейді тергеу амалдары», – деп жазды ол.

Сондай-ақ қылмыстық іс материалдарында, Рашид Аюпов кәсіпкерлердің біріне мемлекеттің атынан «крыша» болатыны мәлімдеген. Ол осы қызметі үшін Ғабидолла Әбдірахымовтың атынан әрекет етіп жатырмын деп, 10 миллион доллар ақша мен Кентау трансформатор зауыты акциясының 50 пайызын сұраған көрінеді.

Аюпов пен Әбдірахымов бірнеше мемлекеттік органдарда: Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Премьер-Министрдің кеңсесінде, Шымкент қаласының әкімдігінде бірге жұмыс істеген.

Екеуінің үстінен Шымкент ПД-не жазылған арыздар да бар.

«Елдегі ең табысты 50 кәсіпкердің тізіміне енген белгілі кәсіпкер Сайдулла Қожабаев Аюпов пен оның сыбайластарын бірден бірнеше қылмыс жасады, соның ішінде алаяқтық жасады деп айыптағанын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Алматыдағы ПД тергеушілері хабарлаған еді. Рашид Аюпов ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 4-бөлігі «Пара беру» бойынша былтырғы қазан айынан бастап қамауда. Бірақ, оны біз жақында ғана білдік. Неге? Рашид Ғабидолланы сүттен ақ, судан таза қылып бәрін өзі мойнына көтеріп алып кетпекші ме? Әлде, тергеуде бәрін айтып берді ма екен?», – деп жазды О. Қабден.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.