22-04-21 |
430 рет қаралған
Елімізге шетелден келген 5 жастағы балалардан ПТР сұралмайды.
Елімізге шетелден келген 5 жастағы балалардан ПТР сұралмайды

Қазақстанның әуе байланысын пайдаланатын жолаушыларда міндетті түрде ПТР анықтамасы болуға тиіс.  5 жасқа дейінгі балаларған ғана ұшаққа еркін кіре алады. Одан ересек баалардан міндетті түрде  ПТР сертификаты талап етіледі.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева қазақстандықтарға баламен саяхаттау ережелерін түсіндірді.

Шетелден Қазақстанға келетін ұшақтарға 5 жасқа толмаған балалар ғана ПТР тестінсіз кіргізіледі. Қалған жастағы отандастарымыздың барлығынан коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап етіледі. 

«Коронавирустың таралу деңгейі мен жас мөлшері бойынша жұқтыру ықтималдылығына байланысты шетелден келген 5 жасқа дейінгі балаларға ПТР тестінсіз ұшаққа кіруіне рұқсат беріледі. 5 жастан жоғары балаларға және ересектер коронавирус жұқтырмағанын растайтын ПТР тесті міндетті», – дейді Айнагүл Қуатбаев. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.