16-08-22 |
390 рет қаралған
Елордада ХҚКО мен полиция қызметкерлері қамауға алынды.
Елордада ХҚКО мен полиция қызметкерлері қамауға алынды

Нұр-Сұлтан қаласында Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы мен полиция қызметкерлері жемқорлық бойынша қамауға алынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мәліметінше, олар мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын құрған.

«Тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы – «Т.»-ның және Алматы облысы бойынша ДПП Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталды. Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шет мемлекеттерден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген»,-делінген хабарламада.

Осы жылдың 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.