22-12-23 |
1870 рет қаралған
Гүлдаладағы жарылыс: Екі адам көз жұмды.
Гүлдаладағы жарылыс: Екі адам көз жұмды

Алматы облысы Гүлда ауылында газ жарылысынан екі адам қайтыс болды.

Бұған дейін 17 желтоқсанда Гүлдала ауылындағы тұрғын үйде болған газ жарылысынан төрт адамның зардап шеккені туралы жазғанбыз. Медицина қызметкерлері күйік шалған екі адамның көз жұмғанын хабарлады.

«Ауыр жарақаттардың салдарынан кеше таңертең 1991 жылы туған науқас қайтыс болды, ал 2003 жылы туған әйел түнде есін жимай қайтыс болды», – деп жауап берді Алматы облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.

Қыздың бет, мойын, жоғарғы және төменгі аяқ-қолдарының I-II-IIIA-B дәрежелі термиялық күйік алғаны айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, Гүлдала ауылындағы екі жеке үйде газ жарылған болатын. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылған еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.