13-10-22 |
460 рет қаралған
Хаменованың ісі: Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасады.
Хаменованың ісі: Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін, 13 қазанда Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары болған бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы болды. Сот кезінде сотталушының бірі Ақылбек Рысқалиев күтпеген мәлімдеме жасады. Ол бұған дейін берген жауабыннан бас тартты, яғни пара беруші мен алушы арасында делдал болмағанын және Хаменованың 4,5 млн теңгеге еш қатысы жоғын мәлімдеді.

«Мен есеңгіреп, қатты күйзелісте болдым. Сол кезде Антикор қызметкерлерінің бірі келіп, бұл қаржыны облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға арналған деп жауап беру керек екенін айтты. Егер мен осылай көрсетсем, менің қорғалу құқығы бар куә болып қалатынымды түсіндірді. Бұл үшін жауапкершілікке тартылмайтынымды ескертті. Антикор қызметкерінің нақты кім екенін айта алмаймын, оларды танымаймын», – деді Рысқалиев.

Рысқалиев Адамов (пара беруші) екеуі арасындағы келісімнен Бақытгүл Хаменованың хабарсыз екенін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне айтқанын жеткізді, деп жазды Halyq-uni.kz.

«Мені Хаменовамен қалай сөйлесу қажет екеніне дайындады. Мен Адамов, ақша туралы айтсам, Хаменова оны түсінбейтінін ескерттім. Ешқандай сезік тудырмайтындай етіп сөйлеп, ыммен сөйлесіп жеткізу қажет екенін айтты. Ең бастысы менің ақша алып келгенімді Хаменова түсінсін деді. Мені қалай дайындады, мен солай жеткіздім» – деді Рысқалиев.

Ол сондай-ақ бұған дейін неге басқаша жауап бергенін де түсіндірді.

«Мен осыған дейін көп ойландым. Осыған дейінгі әрекеттерді көріп қатты шаршадым. Басында бірінші берген жауабымды өзгеріссіз қалдырамын деп тырыстым. Мені сол дайындықтан өткізген Антикор қызметкерлері соңына дейін барсаң өзің үшін бәрі жақсы болады деп сендірді. Олар бәрінен босатыласың деді. Бірақ күні бүгінге дейін олардың тарапынан мені қорғау, қолдау әрекеттері жасалмағандықтан, қалай болғанын айтуға шешім қабылдадым», – деді ол.

10 ай жазықсыз тергеу изоляторде отырған Хаменова көзіне жас алып, айыпталушы Рысқалиевке рахмет айтты.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.