01-09-22 |
410 рет қаралған
Эстония ресейліктердің елге кіруіне тыйым салмақ.
Эстония ресейліктердің елге кіруіне тыйым салмақ

Эстония билігі ресейліктердің елге келуіне тыйым салмақ. Эстонияның Сыртқы істер министрі Рейнсалу алдағы аптадан бастап ресейліктердің кіруіне тыйым салынатынын мәлімдеді, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Бұл біраз уақытты алады, бірақ Ресей азаматтарының көптігін ескерсек, уақыт өте маңызды деп ойлаймын», – деді ол.

Дипломат бұл мәселеде елдің аймақтық серіктестерімен бірлесіп әрекет етуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Бұған дейін Литва президенті Гитанас Науседа Еуроодақ пен Ресей арасындағы виза режимін жеңілдетудің тоқтауы бұдан да ауыр шектеулердің алғышарттары екенін айтқан. Ол сондай-ақ Ресей азаматтары үшін визалық шектеулерді күшейтуге уәде берді.

31 тамызда Еуроодақ елдері Прагада өткен ЕО Кеңесінің бейресми отырысында Ресеймен виза режимін жеңілдету туралы келісімді тоқтату туралы шешім қабылдады. Ресей туроператорлары қауымдастығы (ATOR) ЕО-ның жаңа шектеулері визалық өтініштерді қарау уақытының айтарлықтай ұлғаюына әкелуі мүмкін деп санайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.