14-04-23 |
910 рет қаралған
Көкесі мен көкесі барларға емес, сіз бен бізге есік ашылғалы біраз болды.
Көкесі мен көкесі барларға емес, сіз бен бізге есік ашылғалы біраз болды

– Сонда қалай? Шипажайда бұрын министрліктегілер мен әкімдер, депутаттар ғана демала алады деп еститінбіз.

– Бұрын сондай болған. «Almaty Resort» шипажайы қазір Президенттің Іс Басқармасының Медициналық Орталығына қарайды. Яғни халыққа бет бұру басталған. Сондықтан мысалы, сіз өзіңіз тұрған аудандағы емханада тіркеуде тұрсыз ғой? Сондағы дәрігеріңізге барасыз. Үнемі мазалап жүрген ауруыңыздан айығу үшін сол дәрігеріңіздің кеңесімен порталға тіркелесіз. Кезегіңіз тез келеді. Жолдама бойынша мұнда келіп, 8-10 күн аралығында демалып, ем-домыңызды алып қайтасыз.

Нұрсұлтан Иманбердиев «Almaty Resort» шипажайы директорының қаржы және шаруашылық жөніндегі орынбасары

– Әлі сенбей отырмын. Сонда бәрі тегін бе?

– Әрине. МӘМС болуы керек. Тұрақты жұмысыңызда айлығыңыздан медициналық сақтандыруға деп ұстап қалады ғой, сол қаржы жұмсалады. Сөйтіп бізге жылына кем дегенде мыңнан астам адам келіп, емдеу-сауықтыру процедураларынан өтіп кетеді.

– Ал жатын орын қандай? Қолайлылық жағын айтам…

– Өзіңізбен бірге орамал-сүлгі, сабын-шампунь, тәпішке, тіс пастасы деген сияқты ұсақ-түйектерді әкеліп әуре болмайсыз. Бәрі қамтылған. Люкс пен вип аппартамент қана емес, стандарт нөмірлерде де солай. Терренкур дейміз ғой, серуендеп жүретін жаяу жол. Оның бәрі бар. Орман-тоғайдың арасымен қыдырып демаласыз. Құстарыңыз ән салып тұрады, ауасы тап-таза. Өйткені өткен ғасырдың 70 жылдары көміртекті сіңіріп, оттекті көптеп бөлетін ағаштар егілген. Ар жағыңызда Алатау көрініп тұр. 21 гектар тып-тыныш жер. Қаланың у-шуынан демалып, жырғап қаласыз.

– Жаңа стандарт нөмір, люкс деп айтып қалдыңыз ғой, сол жағын таратып айтып беріңізші.

– Мен 2014 жылы қарапайым әкімші қызметтен бастағанмын. Сондықтан шипажайдың қолайлылық жағын бүге-шігесіне дейін білемін. 135 нөмір бар. Стандарт нөмірдің аумағы 30 ш/м. Олардың саны 109. Ал люкстен 18, виптен 8. Сол стандарт нөмірде тұрам десеңіз, 34 мың теңге. Ол ақшаның ішіне 4 уақ тамағыңыз, бассейн, тұзды шахта, физио және емдік процедуралар дейсіз бе, көптеген қызметтер кіреді. Ал бұл қаржымен сіз шетелге барып деамалдыңыз делік, тек демаласыз. Ал сауықтыру, заманауи медициналық қондырғылармен емдеу дегеніңіз ол жақта жоқ қой. Біздің артықшылығымыз осында. Караоке, концерттерді ұйымдастырып тұрамыз.

– Нұрсұлтан Жұмабекұлы, түсіндіріп бергеніңізге рақмет!

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.