14-04-23 |
510 рет қаралған
Әлия мен Болат Назарбаевтардың Алматыдағы жерлері мемлекетке қайтарылды.
Әлия мен Болат Назарбаевтардың Алматыдағы жерлері мемлекетке қайтарылды

Бірінші президенттің қызы мен інісіне қарасты Алматы маңындағы жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады.

13 сәуірде облыс прокуроры Берік Адамовтың төрағалығымен жер заңнамасын сақтау мәселелері бойынша алқа отырысы өтті. Алқа отырысында жерді тиімді пайдалану, сондай-ақ заңсыз алынған жерлерді қайтару тақырыптары талқыланды.

Облыстық қадағалау органы екі мың гектардан астам жердің сот шешімімен мемлекет меншігіне қайтарылуын қамтамасыз етті. Учаскелер Алматы облысының Жамбыл және Қарасай аудандарында орналасқан. Бұрын олар Әлия мен Болат Назарбаевқа тиесілі болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.