23-01-20 |
400 рет қаралған
Нұр-Сұлтандағы боранға байланысты төтенше жағдай жариялау ұсынылды.
Нұр-Сұлтандағы боранға байланысты төтенше жағдай жариялау ұсынылды

Астананың ТЖД басшысы Бауыржан Сыздықов азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесін Төтенше Жағдайлар режиміне көшіруді және техниканы шақыру үшін Ұлттық гвардия мен техниканың қосымша күшін қала аумағына енгізуді ұсынады. Сондай-ақ ол қала ішінде көліктер мен тұрғындардың қатынауын тоқтата тұру керек екенін айтты.

« Инженерлік, құрылыстық, жол техникасы мен экономика объектілерін мобилизациялау арқылы азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесін ТЖ режиміне көшіруді ұсынамын. Қала аумағынан шығатын барлық жолдардағы жылыту пункттерін дайындыққа келтіру керек. ТЖ іс-қимыл жоспары бойынша 100 адам Ұлттық гвардия Күшін және қала аумағында шақырылған автобустар мен жеке көліктерге 14 техниканы енгізілуі тиіс», – деді Бауыржан Сыздықов.

ТЖД басшысы атап өткендей, таңғы сегізден бастап астанада ТЖД және қаланың төрт ауданында  апаттық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар үшін жедел штаб құрылды.

«Тұрғындарға қала сыртына шықпауға, мекеме басшыларына жұмыс күнін қысқартуды қарастыруға кеңес береміз. Құрылыс алаңдары бсшыларын биіктікте жұмыс істеу жұмыстарын тоқтатып, қала ішінде азаматтар мен автотранспорттардың қозғалысын аса қажет болмаса тоқтата тұруға кеңес береміз», – деді ТЖД басшысы.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.