08-08-22 |
580 рет қаралған
Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеуге ішкі әскер тартылды.
Оралда кәсіпкерді өлтіргендерді іздеуге ішкі әскер тартылды

Ұлттық гвардия сарбаздары Оралдағы кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтіргендерді іздестіру жұмыстарына тартылды.

«Қылмыскерлерді ұстаңға ҚР Ұоттық гвардиясының 5517 әскери бөлімінің әскери міндетін атөқарушылары тартылды»,-делінген хабарламада.

Айта кетсек, Мұханғалиевті 6 тамызда сағат 20.00 шамасында өлтіріп кетті. Оның денесі П. Атоян атындағы стадионның автотұрағынан көптеген пышақ жарақатымен табылған еді.

Кәсіпкерді өлтірген күдіктілердің жеке басы бірден анықталды. Қылмыскерлердің кәсіпкерді кафеде пышақтап өлтіру әрекеті видео камераға түсіп қалған. Видеода екі адам кәсіпкермен үстелде әңгімелесіп отырады, кейін сақалы бар агрессивті адам кәсіпкерді бірнеше жерінен пышақтайды. Кәсіпкер олардан қашып құтылмақ болады, бірақ олар көшеде оны қуып жетіп, өлтірген.

7 тамызда полиция қызметкерлері адам өлтірген екі күдіктінің жеке басын анықтап, фото суреттерін жариялап, іздеу салды. Қылмыс орнынан қашып кеткен 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Турлан Амангелді екені анықталды.

6 тамыздан бері Оралға кіретін және шығатын көліктің барлығын полиция жіті тексеріп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.