10-04-24 |
3890 рет қаралған
Алқабилерді бейнесін жариялаған БАҚ, бас редактор және материал авторы жазаға тартылмақ.
Алқабилерді бейнесін жариялаған БАҚ, бас редактор және материал авторы жазаға тартылмақ

Жоғарғы Сот бұқаралық ақпарат құралдарында Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша алқабилер бейнелерінің жариялануына байланысты мәлімдеме жасады.

«Процесс барысында іс бойынша төрағалық етуші алқабилер алқасының фото және бейнежазбаға түсуіне, сондай-ақ олардың бейнелерін таратуға тыйым салу туралы бірнеше рет ескертті.

Тыйым алқабилерге қысым көрсету мүмкіндігін болдырмас үшін белгіленген.

Бұл тыйымды бұзу сотқа қысым көрсету әрекеті ретінде танылады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сотқа ықпал етуi белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. “БАҚ туралы” Заңға сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иесі, таратушысы, бас редакторы, сондай-ақ таратылған материалдардың авторлары жазаға тартылады.

Осыған байланысты сот кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту рәсімін бастады.

Іс бойынша төрағалық етуші жарияланған материалдарды алып тастауды міндеттеді, сонымен қатар оларды таратуға тыйым салды.

Мұндай фактілерді болдырмау мақсатында БАҚ өкілдері сот отырысы залынан шығарылды.

Азаматтарды сот төрелігін жүзеге асыру процесіне әсер ететін кез келген әрекеттерден аулақ болуға шақырамыз. Сотқа қысым көрсетудің кез келген әрекетінің жолы кесілетін болады, – делінген мәлімдемеде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.