Logo
Іздеу
Айдарлар

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот басталды

/
Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот басталды

Елордада Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорының басшысы Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот процесі басталды.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін алдын ала тыңдаулар өтіп жатыр.

Айыпталушылар бұқаралық ақпарат құралдарының сот отырысына қатысуына қарсы шықты. Сондай-ақ олар сот процесін фото және видеоға түсіруден бас тартты.

Еске салайық, 2024 жылдың қараша айында Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайратқа қатысты тергеу бастаған болатын. Оған су тасқынынан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына көмек көрсету үшін жиналған қаражатты жымқырды деген күдік келтірілуде.

Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын сомасы — 3,5 миллиард теңге.

Серіктес жаңалықтары