17-03-23 |
700 рет қаралған
Путиннің жолдауын лапшамен тыңдаған депутатқа айыппұл салынды.
Путиннің жолдауын лапшамен тыңдаған депутатқа айыппұл салынды

РФ-ның Новокуйбышев қалалық соты Владимир Путиннің жолдауын құлағына лапша іліп алып тыңдаған Самар думасының депутаты Михаил Абдалкинге 150 мың рубль көлемінде айыппұл салды.

Депутатты «Ресей армиясының беделін түсіргені» үшін кінәлі деп тапқан. Депутаттың өзі болса кінәсін мойындамады.

Қорғаушы тарап сот шешіміне шағым түсірмек, өйткені үкім еш негізсіз, заңсыз деп отыр. Абдалкиннің қорғаушысының айтуынша, сот шешімі РФ Конституциясының адам құқығы мен еркіндігі туралы талаптарына сай емес.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.