13-03-20 |
290 рет қаралған
Қазақстанда алғаш коронавирусқа шалдыққан адамдар анықталды.
Қазақстанда алғаш коронавирусқа шалдыққан адамдар анықталды

Екі қазақстандықтан коронавирус анықталды деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.

«Өкінішке қарай, бүгін қайта тексерілген ақпарат бойынша коронавирусқа тест нәтижесі расталды. Бұл Германиядан келген Қазақстанның екі», -дейді министр Біртанов.

Министрдің сөзінше вирусқа шалдыққан пациенттер саны екеу. Қазіргі уақытта олар Алматы қаласында стационарда изаляцияда жатыр.

Олар наурыздың 9 және 12 Германиядан келген азаматтар. Бірінші 9 наурызды ұшып келген ұшақтың бортында 73 адам болған. Екінші борт бүгін тұнде ұшып келген бортта болған жолаушылар мен экипаж мүшелері 12 адам толығымен карантинге жатқызылды.

Біртанов қала әкімі төтенше жағдай жариялауға құқылы дейді, бірақ министрдің өзі бұған қажеттілік жоқ деп есептейді.

«Вирус жұқтырған адамдармен контактіге түскен азаматтардың барлығы анықталғаннан соң, немесе жаңа жағдайлар анықталғаннан кейін мүмкін мұндай шешім қабылданатын шығар», -дейді Елжан біртанов.

Бекшин: 11-16 наурызда біздің елде де коронавирус шығуы мүмкін

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.