16-09-22 |
420 рет қаралған
Қостанайда орман шаруашылығының басшысы қамалды.
Қостанайда орман шаруашылығының басшысы қамалды

Прокуратура аймақта болған алапат өртке байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл іс бойынша орман шаруашылығының басқа да лауазымды қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін.

Қостанай облысындағы «Басаман орман шаруашылығының» басшысы сот санкциясымен қамауға алынды. Оған «Ауыр зардаптарға соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Еске салайық, өрт кезінде 100-ге тарта құрылыс нысаны мен 43 мың гектардай орман күлге айналды. 91 отбасы баспанасыз қалды. Шығын болған техника мен үй жануарларының есебі әлі жүргізіліп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.