16-08-22 |
270 рет қаралған
Қырымда тағы жарылыс болды.
Қырымда тағы жарылыс болды

16 тамыз таңертең Қырымның солтүстігіндегі Май елдімекенінде жарылыс болды. Жарылыстың қатты болғаны соншалық дүмпуі ұзақ қашықтыққа дейін жетті, дейді жергілікті тұрғындар.

Ресейлік қарулы күштер бұл жолы да жарылыстың шығу себебін нақты атамай, оқ-дәрілер сақталған қоймада өрт болды деумен шектелді. Жарылыс кезінде қатты зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп мәлімдеді олар.

Дегенмен Қырым билігі жарылыстан екі адамның зардап шегіп, ауруханаға түскенін мәлімдеді.

Сондай-ақ жарылыс болған жерден мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Жергілікті басылымдар трансформатор стансасы мен қару-жарақ сақтайтын қойманың жарылғанын жазып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.