31-08-22 |
400 рет қаралған
Ресей армиясын сынға алған актердің үстінен іс қозғалды.
Ресей армиясын сынға алған актердің үстінен іс қозғалды

Ресей армиясының беделіне нұқсан келтірді деген бап бойынша ресейлік актриса Кристина Асмустың үстінен іс қозғалды.

Актриса «Интерны» және «Текст» фильмдері арқылы көпшілікке танымал. Оған қатысты іс қозғалғаны туралы мәлімет Мәскеу қалалық сотының сайтында жарияланды.

Мәскеудің Твер сотының баспасөз қызметі таратқан мәліметте, Асмус әлеуметтік желіде әскерилердің әрекетін сынға алып, жазба қалдырған. Нақты қандай жазба жайлы іс қозғалғаны көрсетілмеген.

Оның ісіне қатысты жиын 2022 жылғы 6 қыркүйекте өтетді. Асмусқа 50 мың рубль көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.