20-02-23 |
470 рет қаралған
Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар анықталды.
Ресей астығын Қазақстан арқылы жалған экспорттағандар анықталды

Қазақстан арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының сұлбасын ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ЖШС-нің бірі 2021-2022 жылдар аралығында Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға 1 миллиард теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты экспорттаған.

Бұл ретте Қазақстан компаниясы жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруашылықтардан Қазақстаннан шыққанын растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «KTZ Freight Transportation» ЖШС-ға 150 миллион теңгеге жуық шығын келтіруге себеп болды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.