12-02-21 |
390 рет қаралған
Шымкентте кәмелеттік жасқа толмай төсек қатынасына түскен 7 қыздың ісі сотта қаралды.
Шымкентте кәмелеттік жасқа толмай төсек қатынасына түскен 7 қыздың ісі сотта қаралды

Шымкенттік судьялар дабыл қақты. Сот өкілдері ата-аналарға өрімдей қыздың аңғалдығын пайдаланатын қаскөйлерден сақтануды сұрады. Өткен жылы Шымкентте кәмелет жасына толмаған жеті қыздың ісі сотта қаралған. Ерте жыныстық қатынасқа түскендердің екеуі жүкті.

Шымкент қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Сайханов 2020 жылда қаралған істерді қорытындылады. Ол жасөспірімдер арасында жыныстық қатынас құрбаны болатындарға қатысты бірнеше мысал айтты. 16 жастағы қызбен төсек қатынасына түскен 30 жастағы азаматтың 2,5 жылға бас бостандығынан айырылғанын мысалға келтірді.

«Қызды 30 жастағы ер азамат алдап сулап осыған алып келеді, түсініп отырсыз ба? Қызды күшпен алмайды. Алдап алып келеді, махаббат құрып, сыйлықтарын беріп жатады», – дейді Дәурен Сайханов.

Ерте жыныстық қатынасқа түскен жеті қыздың екеуі жүкті болып қалған. Оның бірі өз сүйіктісімен сот процесі барысында отбасын құрып үлгерген екен. 19 жастағы жігітке судья шартты жаза тағайындалғанын жеткізді.

Сот төрағасы барлық жағдайда, өкінішке қарай қыздардың ата-аналары болған жағдайдан бейхабар болып жататын айтып отыр.

«Бұл өте үлкен мәселе. Істерді қарастыратын болсақ, көбінесе қыздар аналарына жақын болмайды ау деген пікірде қаламыз. Аналары сырласпайды. Алданып қалма, былай істе деп дұрыс жолды көрсету – ата-аналардың, отбасының жұмысы. Мектепті бөлек алайық, мектеп өз жұмысын атқарып жатыр», – дейді Сайханов.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.