10-03-23 |
640 рет қаралған
Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР төрағасы болып қайта сайланды.
Си Цзиньпин үшінші мерзімге ҚХР төрағасы болып қайта сайланды

Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының депутаттары бірауыздан Си Цзиньпинді үшінші бес жылдық мерзімге ҚХР төрағасы қызметіне қайта сайлады.

Мемлекет басшысын сайлау жұма күні, 10 наурыз күні таңертең жалпы отырыста жасырын дауыс беру арқылы өтті. Си Цзиньпин Қытай тарихындағы үшінші мерзімге сайланған алғашқы төраға атанды, деп жазды Zakon.kz.

Сонымен қатар ол елдің барлық қарулы күшіне қолбасшылық етіп, біртұтас басқаруды қамтамасыз ететін Қытайдың Орталық әскери кеңесінің (ЦӘК) басшысы лауазымына қайта сайланды.

Си Цзиньпин алғаш рет 2013 жылдың наурызында Қытай Халық Республикасының төрағасы болып сайланды және 2018 жылдың наурызында екінші бес жылдық мерзімге қайта сайланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.