07-03-23 |
490 рет қаралған
Тихановская сырттай 15 жылға сотталды.
Тихановская сырттай 15 жылға сотталды

Александр Лукашенконың 2020 жылғы президент сайлауындағы басты қарсыласы – Светлана Тихановскаяны Минскідегі сот бірқатар ауыр бап бойынша сырттай 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Атап айтқанда, Тихановская мемлекеттік билікті басып алу жоспарында, экстремистік құрылым құруда және сол экстремистік топты басқаруда, мемлекеттік билікті басып алуда кінәлі деп танылды. Үкімде ол өз мерзімін жалпы режимдегі колонияда өтеуі керек делінген.

Президент сайлауындағы жаппай наразылықтарға дейін Тихановская аудармашы болып жұмыс істеді. 2020 жылғы оқиғалар оның өмірін түбегейлі өзгертті, деп жазды Azattyq Ruhy.

Светлана Тихановская президент сайлауына оның күйеуі, кәсіпкер және блогер Сергей Тихановский түсе алмағандықтан ғана қатысты. Қазір Тихановский 18 жылдық жазасын өтеп жатыр, түрмеде оған колония әкімшілігіне бағынбағаны үшін 1,5 жыл қосылды.

ВВС-дің мәліметінше, Тихановскаяны сайлау комиссиясы тіркеді және оның айналасында оппозициялық белсенділер – сайлауға жіберілмеген басқа кандидаттардың жақтаушылары біріктірілді.

Ресми мәліметтер бойынша, 2020 жылғы 9 тамыздағы сайлауда Александр Лукашенко 80,1%, Тихановская 10,1% дауыс жинады. Тәуелсіз санау деректері шамамен кері көрсеткішті тіркеді. Еуропа Одағы, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да бірқатар ел сайлаудың ресми нәтижесін мойындамады.

Оның салдары Беларусь тарихындағы ең үлкен жаппай наразылыққа және билік органдарының бұрын-соңды болмаған қысым көрсету әрекетіне ұласты. Сол жылы 10 тамызда Тихоновская Беларусь Орталық сайлау комиссиясына шақырылды. ОСК төрағасы кеңсесінде онымен екі жоғары дәрежелі қауіпсіздік қызметкері сөйлесті. Сол әңгімеден кейін ол Литваға кетуге мәжбүр болды. Кейінірек биліктің оны балаларымен қорқытқанын мәлімдеді.

Беларусь Литваға Тихоновскаяны беруді талап етіп жүгінді, алайда елдің СІМ бұл талапты қабылдамады. Интерпол да оған халықаралық іздеу жариялаудан бас тартты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.