01-09-22 |
240 рет қаралған
Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Тоқаев күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Оның айтуынша, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет.

«Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын»,-деді ол.

Сондай-ақ, ол президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажеттігін айиты.

«Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», – деді Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.