21-04-23 |
420 рет қаралған
«Уәдемде тұрмадым». Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр.
«Уәдемде тұрмадым». Гүлмира Сатыбалдының соты жалғасып жатыр

Сотта сұрақ-жауап алу кезінде Гүлмира Сатыбалды өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

Астанада Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сотта сотталушылардан сұрақ-жауап алынып жатыр. Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған қылмыстарға қатысты өз кінәсін ішінара мойындайтынын мәлімдеді.

«Мен кінәмді ішінара мойындаймын, бірақ 125-бап бойынша (айыптау құжатында 125-бап 2-тармақтың 1-8 бөлігі деп көрсетілген) тағылған айыпты мойындамаймын. Кісі ұрлады дегенді мойындамаймын. Егер оны ұрлап әкеткен болсам, қалай оны (Айгүл Мекешеваны) менің үйіме әкелсін деп айтамын? Бұл қисынға келмейді. Сондай-ақ басыну (айыптау құжатында ҚР ҚК 389-бабы 3-бөлігі деп көрсетілген) бабы деген бар. Ол арадағы бес пайызды мойындаймын. Мен оған 5%-ды (акция) уәде еткенмін және сол уәдемде тұрмадым», – деді Гүлмира Сатыбалды.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Айгүл Мекешевамен «Galanz Bottlers» және «Maxi Bottlers» компаниялары акцияларындағы жәбірленушінің үлесін өткізіп беру туралы медиативтік келісім жасасқан, деп жазды Zakon.kz.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.