26-08-22 |
420 рет қаралған
Украинадағы соғыстан 5600 бейбіт тұрғын қаза тапты – БҰҰ.
Украинадағы соғыстан 5600 бейбіт тұрғын қаза тапты – БҰҰ

ББҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының соңғы қорытынды есебіне сәйкес, Украинада соғыс басталғалы 5587 бейбіт тұрғын қаза тапқан, оның ішінде 362-сі бала. Оған қоса 7890 бейбіт тұрғын жарақат алған, оның 610-ы бала.

Сондай-ақ БҰҰ есебі бойынша Ресей бақылауына өткен аумақта 302 бейбіт тұрғын
қаза тапқан және 1173 адам жарақат алған, яғни өлгендер 5,4 %, жаралылар 15%.

Бейбіт тұрғындар негізінен артиллерия, зымыран және әуе шабуылынан қаза тауып жатыр, дейді БҰҰ.

БҰҰ әрбір баяндамасында бейбіт тұрғындар өлімінің нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін еске салады. Өйткені Мариуполь, Изюм, Лисичанск, Северодонецк, Попасная сияқты мекендерде қаза тапқандардың нақты саны жоқ. Ол жерлерде бейбіт тұрғындар мыңдап қырылған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.