16-05-23 |
450 рет қаралған
Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидия қолды болды.
Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидия қолды болды

Екпеген егістік үшін ақша алып келген. Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидияны қолды қылғандардың әрекеті әшкере болды.

Олар шаруаларға таңқурай көшетінің сапалы тұқымын жеткізіп береміз деп уәде еткен. Сөйтіп қожалық иелерінің реквизиті мен құжатын пайдаланып шот-фактуралар жасайды. Артынша «тапсырыс берушілерге тауар жеткізілді» деген жалған құжатты салалық басқармаға тапсырады. Бірақ, құжаттар күдік туғызғандықтан аймақтағы экономикалық тергеу департаменті тексеріп, ешқандай егістіктің жоқтығын анықтады, деп мәлімдеді Qazaqstan.tv.

«Қаржылық құйтырқылыққа барғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қанша шаруаның зардап шеккені әлі анықталады. Бұл іс бойынша өзге ақпараттар жария етілмейді», – дейді экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысының орынбасары Алтынбек Тасыбаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.