21-04-23 |
530 рет қаралған
Жаңаөзендегі азаматтарды арандатпай, бейбіт келісімге келуге шақырамын.
Жаңаөзендегі азаматтарды арандатпай, бейбіт келісімге келуге шақырамын

Азаматтарды арандатуға түсіп қалмай, бейбіт келісімге келуге шақырамын. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаты Садуақас Битан әлеуметтік желіде жазды.

Қасиетті Рамазан айында болған оқиға елді елең еткізді. Күні кеше Астанаға барған жігіттеріміздің тағдыры жерлестерді біраз толғатқаны сөзсіз. Азаматтар жолға шықты, аз уақытта ауылға да аман-есен жетер.

Астанада әріптестерінің аманатын арқалап қалған жігіттердің де көтерген мәселесі қараусыз қалмас. Ендігіден былай бой көтерген мәселе жабулы қазандай болмайтыны сөзсіз. Осы орайда әртүрлі постарды, саясаткерсымақтарды оқып отырып, ешкім танымайтын, адамдар өздеріне жақсы пиар жасап жатқаныда белгілі. Тіптен болмағанды болдырып, бір-бірімен болжам айтып жатқандар да бар. Осыдан кейін мына жағдайдың артында нақты ұйымдастырған топ бар ма деген ой келеді. Көп ақша жүрген жерде бәрін күтуге болады. Елде тендер ойнатып жатқан компания көп, сервистік компания жұмысшыларынан әлде қайда аз ақша алатын мекемелер де баршылық. Сонда қалған өміріміз тек күрес, айқаймен өтеді ме ендігіде? Жаңаөзен қаласындағы жағдай қашан жөнделеді?

«Анау кетсін, мынау кетсін», «халық» деп айқайлап, өз мүдделерін ойластырып жүргендердің ісі емес пе? Азаматтарды арандатуға түсіп қалмай, бейбіт келісімге келуге шақырамын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.