06-04-23 |
650 рет қаралған
Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты.
Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты

Қоғам белсендісі, тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының басшысы Жанболат Мамай сотта соңғы сөзін айтты.

Өз сөзінде қоғам белсендісі бір жыл бұрын Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы ретінде күдікке ілігем деп ойламағанын жеткізді.

Сонымен қатар ол елдегі миллиондаған адам қайыршылық алдын тұрғанын, олардың проблемасын шешу қажеттігін айтты.

«Мен сол проблеманы кқтергендердің бірімін, мені соттағанымен ол мәселе жоғалып кетпейді», – деді ол.

Сондай-ақ ол өз орнында елді 30 жыл бойы басқарған адамдар тұруы керектігін айтты.

«Менің орнымда елді осындай нашар күйге жеткізіп, 30 жыл бойы елді тонағандар тұруы керек», – деді Мамай.

Сот талқылауды 10 сәуірге қалдырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.