09-02-23 |
600 рет қаралған
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды.
Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан қазақстандық Беларусь елінен экстрадицияланды

Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусьтен экстрадицияланды.

ҚР Бас прокуратурасы мәлім еткендей, бүгін, яғни 9 ақпанда ведомство қызметкерлері Интерполдың көмегімен «А» азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады.

«Ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды.

Айта кетсек, Қазақстан заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.