06-07-19 |
2230 рет қаралған
Алматыда Нұр Отанның ұйымдастыруымен бейбіт митинг өтті.
Алматыда Нұр Отанның ұйымдастыруымен бейбіт митинг өтті

«Біз біргеміз» тақырыбымен өткен жиынға 700-дей адам қатысты, деп хабарлайды arasha.kz тілшісі.

Митинг кезінде өнер адамдары, спортшылар, Алматы ардагерлер кеңесі, көпбалалы аналар кеңесі, қалалық мәслихат депутаттары мінберден сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, митингтің басты мақсаты халықтың бірлігін сақтау, арандатушылыққа жол бермеу.

Мінберден сөйлегендердің көпшілігі шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбілязовты сөз етіп, халықты оның сөзіне ермеуге шақырды.

«Әбілязов халықтың ақшасын ұрлап шетелге қашқан алаяқ. Егер оның жаны халыққа шынымен ашитын болса халықтың ортасында жүрмей ма. Өз ана тілін білмеген адам өз халқына қандай жақсылық жасайды»,-дейді Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.

Жиынға келгендердің көпшілігі мемлекеттік қызметте істейтіндер болып шықты. Есімін айтқысы келмеген әйел өзінің ауруханада істейтінін және түнгі сменнен шығып шаршап әрең тұрғанын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.