28-02-22 |
1160 рет қаралған
Қаңтар қырғыны: ҰҚК қызметкерлері 7 адамнан тұратын бір отбасыға оқ атқан.
Қаңтар қырғыны: ҰҚК қызметкерлері 7 адамнан тұратын бір отбасыға оқ атқан

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының төрайымы Айман Омарова ҰҚК қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен қылмыстық істері туралы айтты.

Адвокаттың айтуынша, ҰҚК қызметкерлері 7 қаңтарда туысын жерлеуге кетіп бара жатқан бір отбасына оқ жаудырып, екі адамды сол жерде өлтірген. Қазір бұл іс бойынша ҚР ҚК-нің 99 бабының екінші бөлігімен тергеу жүріп жатыр екен.

Айман Умарова, адвокат
Айман Умарова, адвокат

«Олар жеті адамнан тұратын отбасыны атқан, екі адам қаза тапты. Қаңтардың 7-де Сағындықов Еркеғали, Сағындықов Тынышты, Сағындықов Нұрлан, Сағындықова Сәуле, Сағындықова Аягөз, Бақбердиев Әкітай, Ембергенов Талғат есімді жеті адам қайтыс болған туыстарын жерлеуге бара жатқан.

Тарғап елдімекеніне келіп тамақтанбақ болған сәтте ҰҚК-і қызметкерлері келіп оларды тексерген. Кейін оларға оқ атқан, салдарынан екі адам сол жерде қаза тапты, тағы бірі жараланды. Олар жылап, атпауын өтінгенімен комитет қызметкерлері атуын тоқтатпаған,-деді адвокат.

Бұл іс бойынша ҚР ІІМ-нің әскерилерімен тергеу жүріп жатыр екен. Куәгерлер шақырылып, сұрау алынуда. Алайда ҰҚК-нің қызметкерлері оларға бағынғысы келмей, кедергі келтіріп жатқан көрінеді.

Осы сепбепті Айман Омарова Бас прокуратура тергеуді өз құзіретіне алса деген өтінішін білдірді.

Барлығымыз заң алдында теңбіз, сондықтан барлығымыз заңға бағынуымыз қажет. Атылған адамдардың митингке еш қатысы жоқ әрі ол жерде ешқандай блок-бекет болмаған.

Қазір ҰҚК-і өз қызметкерлерін арашалап қалуға тырысуда, сондықтан бұны тыңғылықты тергеу керек, кім атуға бұйрық берді, оларды кім жібергенін бәрін анықтау қажет. Меніңше әскери тергеу бұл істі жүргізе алмай отыр. Оның үстіне бұл істі арнайы прокуратура тергегені дұрыс,-деді ол.

Сонымен қатар ол Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ҰҚК қызметкерлері еш әрекет жасамай, жас курсанттарды наразы топқа айдап салды деп айыптады.

Қаңтардың 5 күні ҰҚК шекара қызметі академиясының курсанттары Алматы әкімдігін күзеткен. Ал, ҰҚКД-нің қызметкерлері өздері қару сақталған ғимаратты тастап, қашып кеткен. Наразы топ бұл қарумен не істейтінін олар жақсы білді,-дейді Омарова.

Сөз арасында ол Алматыдағы ҰҚК-нің біраз қызметкер ұсталғанын, оған комитеттің біраз қызметкері наразылық танытып жатқанын жеткізді.

Оның ойынша, еш наразылық танытудың қажеті жоқ, бәрі заң аясында қаралу керек. Ол үшін адвокат тағайындалатынын жеткізді ол.

Жақында Алматы қаласы ҰҚКД-нің 8 қызметкері прокуратурамен ұсталғаны туралы мәлімет тарады.

Соған Алматы мен Алматы облысының ҰҚКД-нің қызметкерлері оларды заңсыз ұстады деп наразылық танытып жатыр екен.

Алайда, олар қарусыз жас курсанттарды құрбан болатынын біле тура наразы топқа жіберді. Сондықтан олардың әрекеті заңды болды деп айтуға болмайды. Меніңше, Алматы мен Алматы облысындағы ҰҚК-і қызметкерлерінің барлығын ұстап, тергеу жүргізген дұрыс еді. Кім қандай бұйрық бергенін барлығын анықтау қажет. Ұсталған ҰҚК қызметкерлеріне адвокат тағайындалады, олар қорғаусыз қалмайды, тек бәрі заң аясында болу керек,-деді комиссия төрайымы.

Әділет Мұсахаев, журналист

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.