05-05-19 |
2810 рет қаралған
Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков қамаудан босатылды.
Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков қамаудан босатылды

«Шындықтан қашып құтылмайсың», «Менің таңдауым бар», «Әділ сайлау үшін» делінген жазуы бар баннер ілгендері үшін сот шешімімен 15 күнге қамалған Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков қамаудан босатылды. Екеуінің аман-есен шыққанын Әсияның анасы Жанар Жандосова facebook парақшасында жариялады.

Әсия Төлесованың Азаттыққа айтуынша, оларды түрме әкімшілігі медициналық тексеруден кейін босатқан.

Төлесова мен Толымбеков 21-cәуірде Алматыдағы марафон кезінде «Шындықтан қашып құтылмайсың», «Менің таңдауым бар», «Әділ сайлау үшін» делінген жазуы бар баннер ілгендері үшін сот шешімімен 15 күнге қамалған еді. Олардың сотты болып, қамауға алынғанына әлеуметтік желі қолданушылары қарсы шығып, «Шындықтан қашып құтылмайсың» сөзі кең тарады. Сондай-ақ, халықаралық құқық қорғау ұйымдары да оларды босатуға шақырды. Әлемнің түрлі елдерінде оқып жатқан қазақ студенттері де екеудің әрекетіне қолдау білдіріп, акциялар өткізді. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.