21-02-24 |
4510 рет қаралған
Ақтөбеде салық төлеуден жалтарған Қытай азаматы сотталды.
Ақтөбеде салық төлеуден жалтарған Қытай азаматы сотталды

Ақтөбеде сот «Азия Бақанас» ЖШС басшысы Ақыш М.-ға және Қытай Халық Республикасының азаматы CHEN GUOQING (Чэнь Гоцын) қатысты жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге жуық аса ірі мөлшерде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару бойынша қылмыстық істі қарады.

Тергеу барысында анықталғандай, ұйымдастырушы Чен Гоцин алдын ала келісе отырып, «Азия Бақанас» ЖШС-ін 2014-2020 жылдар аралығында Ақыш Мұратқа қайта тіркеп, сенімсіз жеткізушілермен жалған мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарған.

Сот үкіміне сәйкес Чен Гоцын 3 жылға, Ақыш Мұрат 4 жылға бас бостандығынан айырылып, алынбаған салық сомасын бірлесе өтейтін болады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.